Ақтауда
аққулар қырылып жатыр. Каспий жағасында бірнеше құстың өлексесі табылды. Бұл
осы қыста болған екінші жағдай болып отыр. Әзірге олардың неден өлгені
анықталған жоқ. Экологтардың айтуынша, бір қыста әдетте 1-2 аққу өледі, ал 5
бірдей аққудың өлімі жаппай өлім болып есептеледі. Мамандар бірнеше
нұсқасын айтып отыр.
Кирилл
Осин, «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ директоры:
Бұл
құс тұмауы сияқты инфекциялық ауру болуы мүмкін. Бізде бірнеше жыл бұрын мұндай
жаппай өлім болған. Ресейде жүздеген құс қырылды. Себебін анықтау үшін
сараптама жүргізіп, өлекселерді зерттеу керек.