Маңғыстау облысында мейрамханалардың біріне келген 20-дан астам адам тамақтан уланып қалған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олардың барлығы Бейнеу ауданындағы тамақтану орындарының бірінде болған. Уланып шағымданғандардың 15-і жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Олардың арасында балалар мен жүктілігі 19 апталық әйел бар.
Тағы сегіз адам үйінде ем қабылдап жатыр. Жаппай тамақтан улану фактісі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатқанын айтты.