Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

"Құттықтап қойыңыздар": Аша Матайдың күйеуі көпшілікке сүйінші жаңалығын бөлісті

AstanaTV
26.02.2024ж. 08:12
630
"Құттықтап қойыңыздар": Аша Матайдың күйеуі көпшілікке сүйінші жаңалығын бөлісті

Тележүргізуші Аша Матай су жаңа көлік алды. Бұл жайлы Арман Қоңыр Instagram желісіндегі парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құттықтап қойыныздар! Осы жылы жаңа темір тұлпар сізге де бұйырсын", - деп жазды Арман Қоңыр.

Видеодан Аша Матайдың су жаңа көліктің жанында гүл шоғын ұстап тұрғанын көруге болады.

Ал желі қолданушылары жұлдызды жұптың жаңалығын қуана қабылдап, ақ тілегін айтты. "Құтты болсын", "Жұғысты болсын", "Керемет", "Әкесіне көлік сыйлады. Енді әйеліне әперіп жатыр. Арман, жарайсың", - деп жазды желідегілер.