Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Зауытта жұмыс істеп, денсаулығынан айырылған ақтөбелік 17 млн теңге өндіріп алды

AstanaTV
26.02.2024ж. 09:07
286
Зауытта жұмыс істеп, денсаулығынан айырылған ақтөбелік 17 млн теңге өндіріп алды

Ақтөбедегі зауытта 25 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп, екі өкпесінің бірінен айрылған ақтөбелік жұмысшы 17 млн теңге өндіріп алды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды. 

Ақтөбе қалалық сотында жұмысшының жұмыс берушіден моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Іс материалына сүйенсек, талап қоюшы 25 жылдан астам уақыт бойы зауыттп еңбек еткен.

Тараптар арасында еңбек келісімшарты бұзылған. Өндірісте, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген қызметкер ауруға шалдығып, еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан. 2021 жылы онкологиялық ауру анықталып, Санкт-Петербург қаласында ақылы ота жасалып, бір өкпесінен айырылды. Оған ІІ топтағы мүгедектігі берілді.

- Қызметкер кәсіптік ауруға шалдыққанында жұмыс берушінің 100% кінәсі анықталған, жұмысшының еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 89%-ды құрады. Азаматтық кодекстің 931-бабының 1-тармағына сәйкес жауапкер кінәсінің дәрежесіне қарамастан, қызмет айналасындағылар үшін қауіптіліктің жоғарылығымен байланысты заңды тұлға ретінде талап қоюшының денсаулығына келтірілген моральдық зиянды өтеуге міндетті. Сот онкологиялық ауруын, өмірлік маңызы бар мүшесі, яғни, өкпесінің алынғанын, тыныс алу жеткіліксіздігі секілді асқынулардың пайда болуын, қазіргі таңда талап қоюшы басқа адамдардың көмегіне мұқтаж екенін ескерді. Ақтөбе қалалық сотының шешімімен жұмыс берушіден талап қоюшының пайдасына 17 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіру міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызметі.