Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыда анасы мен қыздары газға уланып қалды

AstanaTV
26.02.2024ж. 13:54
423
Алматыда анасы мен қыздары газға уланып қалды

Алматыда бір отбасының үш мүшесі газға уланып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазір зардап шеккендердің жағдайы ауыр.

Алматы облысында анасы мен екі қызы көміртегі тотығымен уланған.

"25 ақпанда сағат 13.15-те Алматы облысы ТЖД Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылындағы жеке тұрғын үйде 1974 жылғы әйел мен екі жасөспірім газдан уланып қалған. Қазір 2009 және 2010 жылдары туған қыздардың жағдайы орташа, ал әйелдің жағдайы ауыр", - делінген ТЖМ хабарламасында.