Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады

AstanaTV
26.02.2024ж. 16:46
299
Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады

24 ақпан күні күндіз күдікті Қостанай ауданының металл қабылдау пункттерінің бірінде қарумен қорқытып, 792 мың теңге сомасында ақшаны иемденіп, қашып кеткен.

Оны іздестіру үшін арнайы жоспар құрылып, іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды, сондай-ақ автокөліктер тексерілді.

"Біз күдіктіні Рудный қаласында ұстадық. Тапанша, ақша, балаклаваға ұқсас затты тәркіледік. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару бойынша сараптама тағайындалды", – деді ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Юрий Полюхов.

Күдікті қамауға алынды. Оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ПД жол қозғалысының жабылуына байланысты қолайсыздықтарға түсіністікпен қарағаны үшін халыққа алғысын білдірді.