Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Фастфудтан ұшынғандар арасында сәбилер мен жүкті әйелдер бар

26.02.2024ж. 20:00
381
Фастфудтан ұшынғандар арасында сәбилер мен жүкті әйелдер бар

Бейнеудегі жаппай астан ұшынуға кінәлілер екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Фастфуд жеген 37 маңғыстаулық аурухана төсегіне таңылды.Полиция қылмыстық іс қозғады. Ал халық ас ішіп, ауру жұқтырған қоғамдық тамақтану орны 22 ақпаннан бері жабық. Санитарлық дәрігерлер нысандағы азық-түлік пен судан, қызметкерлерден ішек инфекциясына сынама алынғанын мәлімдеді. Нәтиже бірнеше күннен соң дайын болады. Зардап шеккендердің 8-і бала. Арасында сәбилер мен екі жүкті әйел бар. Бәрінің қызуы көтеріліп, құсып жатыр. Ішек инфекциясының белгілері байқалады. 

Бибізада ДҮЙСЕНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Амбулаторлық емге тағы бір адам келді. Соны қосқанда уланғандардың жалпы саны – 37 болды. 10-ы амбулаторлық, 27-і стационарлық жағдайда бақылауда. 27 науқастың жағдайы орташа ауыр, 20-сы қанағаттандырарлық жағдайда. Қазір зертханалық талдауларды күтіп отырмыз.

Айболат МУРЗАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Сараптама қорытындысы бойынша бұл қылмыстық іске процессуалдық баға беріледі. Жауапты не кінәлі адамға айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, Бейнеу аудандық ауруханасына 19 ақпаннан бастап науқастар ұшыну белгілерімен түсе бастаған. Олардың барлығы бір жерден пицца, донер секілді фастфуд жеген.