Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды әлсіретіп алды", - О.Бектенов

27.02.2024ж. 20:00
355
"Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды әлсіретіп алды", - О.Бектенов


Биыл ұлттық жоба аясында қолға алынған 239 медициналық объектінің жүзден астамының ғана мердігер компаниясы анықталған. Оған денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктердің қаржыландыруды шеше алмауы себеп. Бұл туралы бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты. Ол алдағы көктемде құрылысы басталуы тиіс нысандардың әзірлігін сынға алды. Салада тағы қандай мәселелер бар. Әріптесім Бекболат Сатуов айтады.
Бекболат САТУОВ, АРНАЙЫ ТІЛШІ:
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының нәтижесін халық көріп отырған жоқ. Үкіметте бірнеше рет қаралды, бірақ әзірге нақты нәтиже жоқ. Бүгін мәселе тағы қаралды. Премьер-министр денсаулық министрлігі бақылауды әлсіретіп алғанын айтты. Өткен жылы 309 объектіні салу жоспарланған. Бірақ жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстары тым ұзаққа созылып кеткен. Әлі күнге дейін 7 нысан аяқталмаған.
Ал биыл 239 объектінің жобалық құжаттамасы дайын, бірақ оның 109-ы бойынша ғана мердігер компаниялар айқындалған. Қалғандары әзірге нақты істен гөрі, жалаң сөз күйінде қалып отыр. Осылай деген Премьер-министр кей өңірлерде құрылысы тұралап қалған обектілерді де сынға алды. Соның бірі Қостанайдағы балалар ауруханасы. Құрылысы 4 жылдан бұрын басталған. Қашан аяқталары белгісіз.
Данияр ЖАНДАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Техникалық зерттеулер жөндеу жұмыстарының 50 пайызы орындалғанын көрсетті. 2020 жылы күрделі жөндеу жоба құны 1миллиард 200 миллион теңге болған еді. Кейінгі үш жылда құрылыс матераилдарының құны 3 процентке дейін көтерілді. Сол есепті ескерсек ендігі қаражат көлемі 1,5 миллиард теңгеге шығып тұр.
Бақылаудың жоқтығы сала жұмысын әлсіретіп жіберген. Мерзімінен кешігу, сапасының сын көтермейтіні секілді мәселе шаш етектен.
Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Жобаны үйлестіру және мониторингтеу міндеті «Turar Healthcare» ұлттық операторына жүктелген. Алайда, көріп отырғанымыздай, оның орындалу сапасы нашар. Объектілерге барып, құрылыс жұмыстарын бақылау жүргізілмейді. Әрбір объектінің құрылысын құжаттарды дайындау, қаржыландыру кезеңінен бастап, уақтылы тапсырғанға дейін күнделікті бақылауға алу қажет.
Салада тағы бір өзекті мәселелердің бірі кадр тапшылығы. Жетіспеушілік әсіресе аймақтарда басым.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Дәрігер мамандары Қостанай облыс бойынша жетіспейді. Гастроэнтеролог, нефролог, невропотологтар бізге жеткіліксіз. Өзім сол салада жұмыс істеймін.
- Уролог жоқ,стамотолог жоқ.
Көп врачтар жетіспейді. Терапевт жетіспейді. Ақылы жерге де барамыз. Күтеміз айлап. 2-3 ай күтеміз.Оған жазылғанның өзінде жете алмай қаламыз.