Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғы коллекторынан ақау шықты

27.02.2024ж. 20:00
347
Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғы коллекторынан ақау шықты

Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғы коллекторынан ақау шықты. Бензин сыртқа түгіліп, бұрқақ боп атқылаған. Анықталған бойда іле-шала құбырды босатып, жөндеу жұмыстарына дайындау үшін 10 минут бойы техникалық су жіберуге тура келген. Аталған желі жылына бір рет, қондырғыны іске қосу кезінде пайдаланылатын көрінеді. Бұл жағдай өндіріске әсер етпейді ,- деп мәлімдеді зауыт басшылығы. Қазір қызметтік тексеріс басталған.

Қанат РАУКЕН, «АМӨЗ» ЖШС ӨНДІРІС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бутендерді олигомеризациялау қондырғысында ақаулы құбыр табылды. Ақауды тез арада жою үшін құбырдың ішіне 10 минут бойы су берілді. Юұл құбыр қондырғыны қос жұмыстары кезінде пайдаланылатын құбыр. Қазіргі таңда зауыттың жұмысы штаттық режимде жүруде. Өнімдерді өндіру және жөнелту жоспарға сай жүруде.