Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Шығыс Қазақстанда жолда қалған жолаушылар құтқарылды

AstanaTV
12.01.2017ж. 20:00
2562
Шығыс Қазақстанда жолда қалған жолаушылар құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысының жолдарында төтенше жағдай. Ауа райының күрт төмендеуі мен қатты соққан жел, бұрқасындатқан боран салдарынан жолдарда жүру мүмкін болмай қалған. Жол жиегінде кептелгендердің қатарында аяғы ауыр әйелді ауыруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі де бар. Оны ауруханаға апару тек құтқарушылар көлігімен жүзеге асты.

Әсіресе қатты боран Шар-Бақыршық бағыттарында байқалған. Онда бас-аяғы 30-ға жуық көлік кептеліп қалыпты. Жолдарды түнімен қардан тазартқанымен, қазір қайта қар басып қалған. Қазір жол бойында қалған 26 жолаушы жақын арадағы ауылға жеткізіліп, оған барудан бас тартқан жүк көлік жолаушыларына ыстық тамақ жеткізілді.

Александр Ломыгин, ШҚО ТЖД басшысының орынбасары:

26 адам жақын арадағы Шалабай ауылының мектебіне жеткізілді. Жүк көлігінің жолаушылары құтқару жұмыстарынан бас тартты. Оларға ыстық тамақ пен жағар-жанармай жеткізілуде. Қазір күн ашылып, жел басылса, жолдарды ашамыз. Кейін бәрі де мектептерден көлігіне жетіп, үйлеріне бара алады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ