$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"МӘМС жүйесі қажет" – Денсаулық сақтау министрі

AstanaTV
27.02.2024ж. 19:36
505
"МӘМС жүйесі қажет" – Денсаулық сақтау министрі

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жүйесіне бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалғанын айтты, деп хабаралйды BAQ.KZ тілшісі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметі азаматтарға керек көмекті өз деңгейінде көрсете алмай отыр. Осыған байланысты тиісті шараларды дайындап жатырмыз, оның ішінде заң аясында өзгертулер қажет. Себебі мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмек пен МӘМС жүйесіндегі қызметтердің бәрі араласып кеткен. Осының салдарынан халық пен қызметкерлердің арасында түсінпеушілік болып отыр. Сондай-ақ бұл мәселенің бәрі қаражатты тиімсіз жұмсауға алып келді, - дейді Ақмарал Әлназарова.

Әлназарова МӘМС жүйесін өзгерту туралы концепция 11 наурызға дейін Үкімет басшысына ұсынылатынын айтты. Онда сапалы жүйені енгізу мәселесі қаралған.

МӘМС жүйесі мемлекетке және халқаралық тәжірибеде айтарлықтай пайдасын тигізген жүйе, сондықтан бұл қызмет бізге қажет. Алайда, бүгінгі таңда тәжірибе жағынан келгенде дұрыстайтын біраз жерлері бар, - дейді Денсаулық сақтау министрі.