Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодар облысында жүкті әйелді ұрған полицей жұмыстан қуылды

AstanaTV
27.02.2024ж. 22:00
492
Павлодар облысында жүкті әйелді ұрған полицей жұмыстан қуылды

Павлодар облысында жүкті әйелді ұрған полицей жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Былтыр Павлодар полициясының Солтүстік бөлімі бастығының орынбасары қол астындағы аяғы ауыр қызметкерін ұрғаны үшін айыпталған еді. Сондай-ақ, бұл жағдай ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік департаментінің қызмет саласының бақылауында болған.

«2024 жылдың 25 қаңтардағы бұйрыққа сәйкес Орталық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары теріс себептермен Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарынан босатылды», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 13 қазанында Павлодар қаласының ПБ Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініші келіп түсті. Облыстық полиция департаментінің басшысы Василий Склярдың тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу басталған болатын. Оның нәтижелері бойынша полиция қызметкерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.