Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Кабирхан жылқысы тағы да Дубайда бәйгеге қатысады

AstanaTV
28.02.2024ж. 00:43
613
Кабирхан жылқысы тағы да Дубайда бәйгеге қатысады

Әлемге әйгілі қазақстандық жылқы Кабирхан 1 наурызда БАӘ-де өтетін дәстүрлі Dubai Racing Carnival жарысына қатысады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Жарыстың жалпы жүлде қоры - 1,7 араб дирхам, ең жүйрік ат иесіне 1,02 миллион дирхам ақшалай сыйлық беріледі. Айта кетейік, қазіргі бағам бойынша бір араб дирхамы - 120 теңгеге тең. Кабирхан биыл БАӘ-де өткен екі бірдей жарыста топ жарған.

30 наурызда Дубайда ат жарысынан әлем кубогы өтеді, онда Кабирхан әлемнің алдыңғы қатарлы жылқыларымен бірге бәйгеге түседі.