Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда оқушылары тапталған мектептің директоры қызметінен босатылды

AstanaTV
28.02.2024ж. 13:29
835
Алматыда оқушылары тапталған мектептің директоры қызметінен босатылды

Алматы қаласындағы № 41 мектептегі оқыс оқиғадан кейін оның директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Желіде жантүршігерлік видео тарады. Кадрларда қала мектептерінің біріндегі оқушылардың тапталып қалғанын көруге болады. Тіпті, олардың кейбіреуі еденге құлаған. Бұл ретте мектеп әкімшілігі зардап шеккендер жоқ екенін сендірді.

Алматы қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс жағдай № 41 мектепте болған. Абырой болғанда оқушылар зардап шекпеген. Негізінде білім ошағында 870 оқушы орны қарастырылған екен. Дегенмен қазір бұл мектепте 1426 оқушы білім алатын көрінеді.

27 ақпанда екінші ауысымнан кейін киім ауыстыратын бөлмеде балалар кептеліп қалған. Ол оқушылардың киім ауыстыру процесінің дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан болған. Бұған дейін мектепте мұндай жағдай байқалмаған. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.

Оқу процесін ұйымдастыру барысында бақылауды бәсеңдеткені үшін мектеп директор қызметінен босатылды.