$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Елімізде алғаш рет жәрдем қызметі жекенің қолына берілді

AstanaTV
12.01.2017ж. 20:00
3253
Елімізде алғаш рет жәрдем қызметі жекенің қолына берілді

Ақтөбеде жаңа жылдан бастап жекеменшік жедел жәрдем қызмет көрсете бастады. Бірақ қызмет тегін болып қала береді. Айта кетейік, жаңа жылдан бастап аймақтағы медициналық көмек ел аумағында алғаш рет жекенің қолына беріліп отыр. Пилоттық жобаға түркиялық инвесторлар тартылған. Мекеме басшысының айтуынша, 16 реаномобиль көлік сатып алған. Оған қоса екі диагностикалық орталық іске қосылыпты. Енді науқасқа 10-15 минут ішінде жетіп, жедел жәрдем көрсетпек. Бұған дейін тұрғындар алғашқы көмекті орта есеппен 25-30 минут күтетін. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асып отырған жоба аясында кәсіпкер 766 миллион теңге жеңілдетілген несие алған. Ол жылына 180 000 шақыруға дейін қабылдауға мүмкіндік туғызады дейді. Енді жедел жәрдем бекетін жаңадан салып, қосымша көліктер сатып алу жоспары бар. Ал маман жетіспеушілігі өңірдегі медицина университетімен арадағы келісім арқылы шешілмек.

Бақытжан Тұрметов, Ақтөбе қаласы «Первая помощь» ЖШС директоры:


Шақырған пациенттер бізге ақша төлемейді. Барлығы бұрынғыдай болып қалады. Біз облздравпен келісім-шарт бойынша 7 жылға алып жатырмыз жедел жәрдемді. 7 жыл ішінде бізге өкіметтен салған инвестицияны бәрін қайтарып береміз деп жоспарлап отырмыз. Ең бастысы, бізге докторлар жетіспей жатыр. Қазір істеп жүргендер барлығы өзгеріссіз қалады. Осымен қатар бізге басқа да докторлар керек.