Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Бюджетке 2,2 млрд доллар көлемінде мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған

29.02.2024ж. 20:00
460
Бюджетке 2,2 млрд доллар көлемінде мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған

2022 жылдан бері бюджетке 2,2 млрд доллар көлемінде мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали осылай деді. Былтыр қазына қаржысын қалтасына басқан 1324 адамның әрекеті әшкереленген. Оның 161-і түрлі деңгейдегі басшылар. Сыбайлас-жемқорлық әсіресе, спорт саласында белең алып тұр. Биыл алғашқы екі айдың өзінде 18 қылмыстық іс тіркелген. Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар жүктеді.

 Асхат ЖҰМАҒАЛИ, ҚР CЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

«ӨКМ» операторы» ЖШС-не қатысты аяқталған қылмыстық істер бойынша Қостанай және Қарағанды облыстарындағы жалпы құны шамамен 20 миллиард теңге болатын 2 зауыт мемлекет меншігіне өтті. Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында биыл ақпан айында бюджетке тағы да шамамен 82,6 миллиард теңге түсті. Бұдан бөлек, Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 942 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Оның нарықтық құны 13 миллиард теңгеден асады.