Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қостанайда әйел мен 3 баласы уланып қалды

AstanaTV
29.02.2024ж. 18:26
497
Қостанайда әйел мен 3 баласы уланып қалды

Қостанай облысында әйел мен оның үш баласы уланып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қостанай облысының Федоровка ауылында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережелері бұзылған. Ал салдарынан бір әйел мен үш бала улы газдан уланып қалған.

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Жылуды, электр құрылғыларының күйін қадағалаңыз, ғимараттарда темекі шекпеңіз, - деп мәлімдеді министрлік өкілдері.