$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шекарадағы өткізу пунктерінің жұмыс режимі өзгерді

AstanaTV
29.02.2024ж. 22:15
910
Шекарадағы өткізу пунктерінің жұмыс режимі өзгерді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі келесі автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресей Федерациясымен:

«Найза», Павлодар облысы

«Қоянбай», Абай облысы

«Байтанат», Абай облысы

Қытай Халық Республикасымен:

«Нұр Жолы», Жетісу облысы

«Достық», Жетісу облысы

«Қолжат», Алматы облысы

«Бақты», Шығыс Қазақстан облысы

«Майқапшағай», Шығыс Қазақстан облысы

Қырғыз Республикасымен:

«Кеген», Алматы облысы.

2024 жылғы 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пункттері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Өзгерістер Үкіметтің 23.11.2000 жылғы № 1749 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00.00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай сағаттық белдеудің белгіленуіне байланысты енгізілді.