Сурхандарияда бір отбасының 4 мүшесі қайтыс болды. Бұл туралы bugin.kz darakchi.uz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Белгілі болғандай, 25 ақпан күні Бойсун ауданындағы пәтерлердің бірінен 44 жастағы ер адам мен оның кәмелетке толмаған 3 баласының мәйіті табылды.
Тұрғынның үйі шикі кірпіштен тұрғызылған. Үй көмірмен жылыйтын болған. Марқұмдар “этиологиясы белгісіз улану” салдарынан қаза тапқан.