Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Танымал айтыскер ақын айтыстан соң өзін қуған бұзақылар туралы айтты

AstanaTV
01.03.2024ж. 16:09
4413
Танымал айтыскер ақын айтыстан соң өзін қуған бұзақылар туралы айтты

Жандарбек Бұлғақовтың “Айтыс STRICE” жобасында Шорабек Айдаров айтыстағы қызық оқиғаларын айтып берді. Бұл турлы Bugin.kz хабарлайды.

Шорабекті Есенқұл мен Серік Қалиев шығарғаны туралы айтып берді. Ол тіпті әкесі қайтыс болған кезде де, анасының батасымен айтыс сахнасына шыққан. Ол айтысқа алғаш қатыса бастаған кезінде ақындар қағазға қарап айтысқаны туралы күліп еске алды. Ол суырып салып айту үшін баяу мақам іздеп, тапқан.

Жамбылдың тумасы Жаңаөзеннің құрметті азаматы атанғаны туралы:

“Жаңаөзен ол кезде дүрілдеп тұрған еді. КСРО-ның кезінде Қап тауының арғы жағынан келетін жігіттер бар еді. Көп ұлттың жігіттері бірінің тілін бірі түсінбейді. Ашық аспан астындағы би алаңдары болатын. Сырты қоршаулы тұрады. Соған 14 қазақ жігіті боп бардық. Біреу тиіссе, ешкім қашпайды деп келісіп бардық. Би алаңының алдында қазақ жігіті тұр екен. Бізді билетсіз, тегін кіргізді. Отамызда ұрыншақтау жігіт болатын. Сол бір қазақтың қызымен билеп жүрсе, бір мұртты жігіт итеріп өзі билеп кеткен ғой. Қанша дегенмен намысы бар жігіт қой, бәрімізді шақырып алды. Біз де аз емеспіз. Сөйтсек, мұрттылар жақта бір жігіттің мұрны сынып кеткен. Бір қазақ жігіт ұрып жіберген шығар. Қайсы десе, мені көрсетпесі бар ма?! Білем ғой өзім, қолым ешкімге тиген жоқ. Олар пышақ сұға салады деген елл арасында сөз бар ғой. Мен тайқи бастадым. “Мен емес” деп қашқақтадым. Сол арада біреу төбелес бастап кеткен. Бәріміз ерігіп, батырланып төбелесіп жүр екенбіз. Бір кезде ығыстырып барамыз. Енді қарасақ, олар би алаңынан қашып барады. Одан сайын еліріп, қуа жөнелді. Содан жатақханаға қайтып кеттік. Сөйтсек, жергілікті қазақтар да содан бастап жігерленген екен”,-деп айтты.

Ол алғаш Алматы облысының Ақсу ауданында көлік жеңіп алған екен. Көк маскович ұтып алып, қайтып келе жатқанда бандиттер қуған екен. Оқиға туралы:

“Құдай бұйыртты, тілектестер көп болды. Сол машинаны алдық. Қайттық. Көп нәрсе есімде жоқ. Ол кезде ұйықтай алмай ауыратын ем. Айтыстан бұрын да, кейін де 2-3 күн ұйықтай алмайтынмын. Сол кезде ұйықтап кеттім. Рөлде бір ақын жігіт. Мен қасында отырдым. Біреу сигнал шалып, жанымыздан өтті. Трассада. Алдымызды орап тоқтатпақшы болды. 2 бірдей дөңгелегі жарылып кеткенін байқадық. Машинаны бұрып, қаша жөнелдік. Тоқтамадық. Бізге бірдеме де сөйледі. Жанымдағы ақын туыстарым бар, осы ауылға қонайық деді. Көлікте Серік Қалиев, Мұхамеджан Тазабеков, Бекжан Әшірбаев болды. Содан таңертең Айтақынның үйіне бардық. Айтақын сендер үшін қатты уайымдадым. Сендерді жолда рекеттер күтіп тұрды. Солар сендерден машинаны тартып алды ма деп уайымдадым. Қатты уайымдап, 7 нан құдайы беріп отырмын дедім. Содан шыққан соң, бұрынғы милиция қызметкері Таразға дейін жеткізіп берейін деп серік болды. Шықсақ, көлігімізді 4-5 жігіт айналшықтап жүр. Жаңағы жігіттен қорқып, бірң кетіп қалды»,-деп оқиғасын айтты.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

"Алматыда Мұхаммеджанның КНБ-да істейтін танысының үйіне көлікті қойдық. Бар тіркеуін сол жігіттер төлеп берді. Мен айдаладағы біреумін ғой",-деп көлікті болған оқиғасын айтты.