Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев тұтқындалды

AstanaTV
13.01.2017ж. 20:00
2299
Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев тұтқындалды

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев тұтқындалды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады. Оған топ құрамында бірнеше рет пара алды деген айып тағылып отыр. Астанадағы Алматы ауданының №2 аудандық соты Қуандық Бишімбаевты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған. Қазір экс-министр Астана ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қуандық Бишімбаев желтоқсанның аяғында Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылып, жақында үстінен іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол министр болмай тұрып, "Бәйтерек" холдингін басқарған болатын.

Бұған дейін холдингтің еншілес компаниясы «Бәйтерек DEVELOPMENT-тің» жоғары лауазымды басшылығы тұтқындалды. Оларға аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Құрылыс жүргізуге өткізілген тендерді ұту үшін пара беріп келді деген күдікпен "Project City Group" басшылары мен құрылтайшыларына қатысты да іс қозғалды.