Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Xiaomi және Redmi смартфондарында жаппай ақаулық орын алған

AstanaTV
02.03.2024ж. 17:11
1104
Xiaomi және Redmi смартфондарында жаппай ақаулық орын алған

29 ақпанда Xiaomi смартфондары мен оның Poco және Redmi қосалқы брендтерінің операциялық жүйесінде ақау байқалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Операциялық жүйені қосудың орнына смартфон қалпына келтіру режимі қосылып кеткен. Қауіпсіз режимге өтсе де, ештеңе өзгермепті.

Желі қолданушылары телефонның қайта-қайта қосып-өшкеніне шағымданды.

Бұл мәселе SystemUI плагинін жаңартқаннан кейін басталды.

Бренд өкілдері мәселенің шешілуін күтуді ұсынды. Смартфонға шұғыл түрде кіру қажет болса, оны зауыттық параметрлер арқылы жіберуге болады.

Бұл ақаудан қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері де зардап шекті. Бұл мәселемен клиенттер күнде келеді, бірақ мамандар мұны қалай түзетуге болатынын білмейді.