$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысында үш баланың анасы күйеуін өлтіріп, бөлшектеп тастаған

AstanaTV
02.03.2024ж. 20:16
1387
Түркістан облысында үш баланың анасы күйеуін өлтіріп, бөлшектеп тастаған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылында күйеуін аса қатігездікпен өлтірген 34 жастағы әйел 15 жылға сотталды. Әйел былтыр 10 тамызда некедегі күйеуін үйінде өлтірген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Дау TikTok-тан басталған. Әйелдің анасының айтуынша, 40 жастағы жолдасы әйеліне әлеуметтік желіге видео түсіруге тыйым салып, жанжал туған.

“Сол күні қарбыз алып келген. Балаларымен бірге қарбыз жеп отырған. Қызым өзі TikTok түсіреді, кішкентай кезінен актриса болуды армандайтын. Желідегі видеосын көріп қойып, күйеуі ұрыс шығарған. Баласының айтуынша, “осыдан кейін ол қызыма пышақ беріп, өзіңе тық” деген. Үшке дейін санаймын, өзіңді өлтіресің, менің қолымның ізі қалмайды деген. Ол “өз-өзіме қалай тығамын” деп жылаған”, – дейді анасы.

Айыпталушының анасы Тіллайым Молдабекова қызының тұрмысқа шыққалы қорлық көргенін айтады.

“Қызымның көрмегені жоқ. Қазір балалары айтып жатыр: ”Мамамды жалаңаштап мұзға қойып қоятын” деп. “Әке, кіргіз” деп жыласа да кіргізбеген. Темекі шегіп, шоғын қызымның кеудесіне басады екен. Өзі көлік жөндейтін, соның темірлерімен де ұрып-соққан. “Өлтіріп, көміп тастаймын, әке-шешеңмен қосып жағып жіберемін” деп әбден қорқытқан. Соның бәрі жиналып осы қылмыс жасалды ”, – дейді сотталушының анасы Тіллайым Молдабекова.