$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Елорда тұрғыны 4 айлық баланы құтқарған өрт сөндірушіге алғыс білдірді

AstanaTV
02.03.2024ж. 22:20
1483
Елорда тұрғыны 4 айлық баланы құтқарған өрт сөндірушіге алғыс білдірді

Астана тұрғыны 4 айлық баланы өрттен аман алып қалған құтқарушыға алғыс білдірді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүлдіршінді көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Лесхан Мақсат Әбдіқайымұлы құтқарды.

«Мақсат атты жігітке ерекше алғысымды білдіргім келеді. Ол өрт болып жатқан үйден 4 айлық баланы аман алып шықты, Мақсат – рахмет саған. Мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшыларынан осы қызметкерді марапаттауды сұраймын», - деді қала тұрғыны құтқарушының қолын алып жатып.