Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенді

AstanaTV
03.03.2024ж. 07:33
893
Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенді

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы ауылынан 40 км жерде қамыс өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша өрт Құрманғазы орманшылығының аумағында орын алған. Алдын ала болжам бойынша 100 га алаңда қамыс өсімдіктері жанды. Елдік мекендерге қауіп жоқ.

Сағат 17:57-де Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің, Орман шаруашылығының, ЖАО-ның 36 адамы, 5 мотопомпасы, 1 техникасы, 4 мотоқайығы тартылды. Сөндіру жалғасуда, - деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігі.