Перудің оңтүстігіндегі Апуримак аймағында қатты жаңбыр жауып, кейін су тасқынынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Жергілікті Exitosa радиостанциясының мәліметінше, оқиға 1 наурызда таңертең болған, 6 адам отырған көлік Чумбао өзеніне аударылып кеткен, бұл кезде жауын-шашыннан кейін су деңгейі айтарлықтай көтерілген.
Ұлттық төтенше жағдайлар орталығы Чумбао өзенінің тасуына байланысты елдің оңтүстігіндегі Талавера ауданындағы үйлерге зиян келтіретінін жариялағаннан кейін жергілікті билік Каспичак ауданынан тұрғындарды эвакуациялады.