$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Оқиға Жарылғыш зат: Павлодарда сауда үйінен адамдар эвакуацияланды

AstanaTV
04.03.2024ж. 12:36
712
Оқиға  Жарылғыш зат: Павлодарда сауда үйінен адамдар эвакуацияланды

Жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы ақпарат тексерілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-ның баспасөз мәліметінше, 3 наурыз кешкі 18:02-де «Гулливер» сауда үйінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция күштерімен адамдарды эвакуациялау жүргізілуде.

Оқиға орында ТЖД-ның 17 адамы мен 3 техникасы, 102, 103 қызметтері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері және апаттар медицина бригадасы бар.