Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қауіп сақталады - ТЖД бастығы Алматыдағы жер сілкінісі туралы

AstanaTV
04.03.2024ж. 13:45
426
Қауіп сақталады - ТЖД бастығы Алматыдағы жер сілкінісі туралы

Алматыда тағы да жер сілкінісінің афтершогы қайталану қаупі бар. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ТЖД-да қала әкімі Ерболат Досаевтың басшылығымен жедел штаб құрылды. Қазір афтершоктар қайталануы бойынша қауіп сақталады. Құрметті тұрғындар мен қонақтар, дүрбелеңге салынбай, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз", - деді ведомство басшысы.

ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәліметінше, Алматы уақытымен сағат 11.22-де (2024 жылғы 04 Наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған ТЖД мәліметінде.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.2. MPV магнитудасы - 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° С. Е. 76.96° ш. б. Тереңдігі - 10 шақырым. Алматы қаласында 5 балл болып сезілді.