Бір
ауылдың 3 мыңға жуық тұрғыны бір ғана құдықтан су ішеді. Жамбыл облысы Кеңес ауылы тұрғындарының
тіршілік нәрінен тарығып отырғандарына аттай 20 жыл. Айтуларынша, аула
алдындағы баспа құдық сулары ащы, ішуге жарамсыз. Амалдары таусылған бұқара
ауыл сыртындағы бір ғана артезиан құдықтан кезекке тұрып су алуға мәжбүр. Ауыз
су жоқ деп ашынған ел су мәселесін аймақ атқамінерлеріне айта-айта шаршадық
дейді. Данияр Әлімқұл тақырыпты толықтырады.
Данияр
Әлімқұл, тілші:
Бүкіл
ауыл бір құдықтан су тасып ішеді. Тайлы-тұяғы қалмай тегіс жиналған тұрғындар
су мәселесі сорға жықты дейді. 3000 мыңнан аса халқы бар кеңестіктер 20 жылдан
бері көрген күніміз осы деп отыр. Шет қонған, шалғай ауыл болғандықтан
биліктегілер бізді ұмытты деп базыналы.
Таңмен
таласып тұрған тұрғындардың әуелі ойлайтыны кептеліске ұрынбай, кезекке тұру.
Яғни су сұраған көпшілік ыдыстарын арқалап ауыл шетіне жиналады. Ал оларды
ауылдық әкімдік қойған құдық қожайыны қарсы алады. Оған әр отбасы ай сайын 200
теңгеден жинап береді. Ал, ауыл іші, аула алдындағы баспа құдықтар суын мал да
ішпейді деп наразы.
Ахмет
Мырзақұлов, Кеңес ауылының тұрғыны:
Басқа
ауылдарға қарағанда 30 жыл артта тұрамыз біз, шынын айтқанда. Үйден бәріміз
құдық қазып алғанбыз. 10 метрден артық қаза алмаймыз. Оның бәрі ащы су.
Құрман
Дәуітбаев, Кеңес ауылының тұрғыны:
Ауыз
су мәселесі өте қиын бізде. Мінекей, құдықтың басы тола бала-шаға. Қыстың кө зі
қырауда анау 1,5 - 2 шақырым жерден тасиды. Су осы бір-ақ су алатын
жеріміз. КТМ: Ауыл әкімі ауыз су
мәселесінің неге 20 жыл бойы шешімін таппағанын шешіліп айта алмады. Ол өзінің
жаңадан келгеніне төрт-ақ ай болғанын тілге тиек етті. Алайда, бұқараға таза суды тарту үшін 25
шақырым ұзындықта құбыр қажет екенін айтады. Осыған байланысты құжаттары да
қатталып тұрғанын жеткізді.
Қанат
Телеуов, Кеңес ауылының әкімі:
Енді
ол жағын білмеймін мен, әкім боп жаңадан тағайындалып отырмын. Өзіміз де
халықпен бірге сол жерден ішеміз. 451 млн.181 мың теңе сметалық құжаттары
жасалып, сараптамадан өтіп, 2016 жылы 21 желтоқсанда құжаттарының бәрі дайын
болды. Енді қаражат қарастырылған жағадайда, бастайды.
Ал
оған облыс бюджетінен қашан қаржы бөлінеді?
Төлеген
Бибосынов, Байзақ ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы:
Оңтүстік өңірі бойынша, Мемсараптамадан оң
қорытынды алдық. Екінші жарты жылдық бола ма, келесі жарты жылдық бола ма
белгісіз. Одан тез екінші жарты жылдық бөлініп қалу мүмкін. Біз қазір өтініш
хат береміз. Мамыр айында жобаның қорғауы болады. Облыс оны бірден мақұлдайды.
Себебі, ауыз сумен 2020 жылға дейін бүкіл ауданды біз қамтамасыз етуіміз тиіс.
Ауыл
тұрғындары тіршілік нәрі тартылады дегенге күмәнмен қарайды. Өйткені, ақ
жағалылардың құр сөз, құрғақ уәдесінен қажыдық дейді. Судан бөлек, ауылда газ
бен аудан орталығы және қалаға қатынайтын автобус та жоқ. Ол жағы қашан
шешілетінін аттқамінерлер айта алмады.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ