Түркістан облысында Сайрам ауданы мен Шымкент қаласы аралығында теміржол өткелінің бір бөлігі құлады. Оқыс жағдай облыстық маңызы бар шойын жолда жүк пойызы жүйткіп өтіп жатқан сәтте болды. Бейнежазбадағы көріністе темір жол астындағы автокөлік өтуге арналған көпірдің үстіндегі банер мен металл конструкциясы опырылып түскен. Көліктер тоқтап үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы теміржол өткелінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындауды жоспарлап отырғанын хабарлады.