$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жер сілкінісі кезінде нені ескеру керек?

04.03.2024ж. 20:00
584
Жер сілкінісі кезінде нені ескеру керек?

Жер сілкінісі қайталанса халық нені ескеруі керек? Дүмпу сезілген сәтте сіздің ойланып, әрекет етуіңізге 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы кезде үрейге бой алдырмай, тез шешім қабылдауыңыз керек. Егер бірінші қабатта болсаңыз бірден далаға шығыңыз. Ал жоғары қабатта тұрсаңыз сыртқа шығуға талпынбай, қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Тірек бағандардың жанында, есік жақтауына немесе үстелдің, кереуеттің астына жасырынып бетіңізді қолыңызбен бүркеп, қорғаныңыз. Терезелер мен шынылардан аулақ болғаныңыз жөн. Лифт пен баспалдақты қолданбаңыз. Балконнан секіру де өміріңізге қауіпті болады. Дүмпу тоқтаған соң керекті заттарыңызды, құжаттарыңызды алып, бірден далаға шығыңыз. Ғимараттар мен құрылыс алаңдарынан, биік бағаналар мен қоршаулардан, адамдар көп жиналатын орындардан алшақ кеткеніңіз абзал. Яғни, ашық кеңістікке шыққаныңыз жөн. Ал көлікте болсаңыз басқа машиналарға кедергі келтірмейтін жерге тоқтап, есіктерді ашып, асып-саспай байыпты түрде транспорт ішінде отырып, жер сілкінісінің басылуын күткен дұрыс.