Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: ауа райына байланысты ескерту жасалды

AstanaTV
04.03.2024ж. 22:35
408
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: ауа райына байланысты ескерту жасалды

Синоптиктер 5 наурызда елдің сегіз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады таңертең және күндіз екпіні - 15-18 м/с.