Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда автобус әйел мен баласын қағып кетті

AstanaTV
05.03.2024ж. 00:09
465
Алматыда автобус әйел мен баласын қағып кетті

Алматыда автобус әйел мен баласын қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан №129 автобустың жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан әйел баланы қағып кеткенін анық көруге болады.

Алматы полициясының мәліметінше, оқиға 4 наурыз күні таңертең Медеу ауданында болған.

"Автобус жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Қонаев көшесіне оңға бұрылып, бағдаршамда жолды кесіп өтіп бара жатқан әйел мен баланы қағып кеткен. Әйел жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Бала зардап шеккен жоқ. Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайын Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр", – делінген полиция хабарламасында.