Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

“239 адам”: 10 жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалған ұшаққа қатысты жаңа дерек шықты

AstanaTV
05.03.2024ж. 16:44
461
“239 адам”: 10 жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалған ұшаққа қатысты жаңа дерек шықты

2014 жылы бортында 239 адам болған малайзиялық ұшақтың ізі радардан жоғалып кеткен. Малайзияда еске алу күніне жолаушылардың 500-ге жуық туыстары мен олардың жақтастары жиналды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

MH370 жолаушыларының 500-ге жуық туыстары мен жақтастары он жыл бұрын жоғалып кеткен малайзиялық лайнерді жаңадан іздеуге шақырды. 3 наурызда Малайзия астанасы Куала-Лумпур маңындағы сауда орталығына халық еске алу күнін тойлауға жиналды, деп хабарлады Франс Пресс (AFR). Кейбір адамдар Қытайдан арнайы келген. Себебі ұшақтағы жолаушылардың үштен екісіне жуығын қытайлықтар болған.

Анасы ұшақ бортында болған 36 жастағы заңгер Грейс Натан агенттікке:

 "Соңғы он жыл мен үшін эмоционалды уақыт болды. MH370 - тарихқа айналған жоқ",-деп айтты.

 Ол ұшақты қайта іздеуге шақырды.

Ұшақта ұлын жоғалтқан 67 жастағы қытайлық Лю Шуан Фонг "әділдік" талап етті. "Ұшақ қайда?" – деп сұрап, іздеуді жалғастыруды талап етті.

MH370 рейсінің апатқа ұшырауы

Malaysia Airlines компаниясының Куала-Лумпурдан Бейжіңге MH370 рейсін жасаған Boeing 777 ұшағы 2014 жылдың 7 наурызынан 8 наурызға қараған түні әуеге көтерілгеннен кейін бір сағатқа жетпей радардан жоғалып кетті. Лайнер бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Лайнер апатқа ұшырап, оның қалдықтары Үнді мұхитының оңтүстігінің түбіне батып кеткен деген болжам бар. 2015 жылдың қаңтарында Малайзия билігі борттағылардың барлығын ресми түрде қайтыс болды деп жариялады.

Ұшақты немесе жолаушылар мен экипаж мүшелерінің мәйіттерін табу әрекеттерінің барлығы әзірге сәтсіз болды. 120 мың шаршы шақырым аумақта жүргізілген су астынан іздестіру жұмыстары кезінде сүйек қалдықтарының ізі табылмады. Жоғалған ұшақтың 27 сынығы әр уақытта әр жерден табылған. Бұдан сарапшылар көлік ыдырап кетті деген қорытындыға келді, бірақ оның ауада болғанын немесе суға соқтығысқан кезде болғанын және оған не себеп болғанын ақыры анықтай алмады. MH370 рейсінің тағдыры жұмбақ күйінде қалып отыр.

MH370 рейсіне қатысты болжамдар

2018 жылдың шілде айының соңында Малайзия үкіметі ұшақтың жоғалып кетуіне қатысты тергеу нәтижелері туралы "қорытынды баяндамасын" ұсынды. 450 беттен тұратын құжаттың негізгі қорытындысы – тергеу тобы "MH370 жоғалып кету себебін түбегейлі анықтай алмайды".

Сондай-ақ есепте ұшақтың түн ортасында кенеттен бағытынан шығып, бірнеше сағат бойы ұшуды жалғастырғаны, мүмкін диспетчерлерге жауап бермегені туралы ақылға қонымды түсініктеме берілген жоқ. Сонымен бірге, құжатта лайнер тағдырына "кейбір үшінші тұлғалардың араласу мүмкіндігін" жоққа шығаруға болмайтыны атап өтілген.