Алматыда жер сілкінісі жайлы хабар беретін жаңа жүйе іске қосылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты. Оның сөзінше, жаңа технологияның ерекшелігі хабарламаны жылдам тарату мүмкіндігінде. Жер сілкінісін алдын-ала болжау мүмкін емес. Тек дайын болу керек. Сондықтан халықты дер кезінде құлақтандыру маңызды. Құны жарты миллиард теңгеге жуықтайтын жаңа жүйе мамыр айының соңына дейін іске қосылады. Ал қалада қазір жағдай тұрақты.
Шыңғыс АРЫНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
Алматы қаласы бойынша барлық тіршілікті қамтамасыз ететін объектілер штаттық режимде жұмыс істеуде. Олжас Абайұлы, жер сілкінісін кез-келген төтенше жағдай сияқты алдын-ала болжау мүмкін емес. Осыған байланысты Министрлік олардың алдын алу және халықты бірінші кезектегі әрекеттерге дайындау бойынша жұмыс жүргізуде.
Премьер-министр Төтенше жағдайлар министрлігіне елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды. Олжас Бектеновтың айтуынша бұл жолы дабыл белгісі уақтылы іске қосылған. Десе де сақтық қажет деді.
Олжас БЕКТЕНОВ - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Күштер мен құралдар сақадай сай болуға тиіс.Халықпен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет.Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің таулы аймақтарында сел және лай көшкіні жүру қауіпіне қатысты тиісті мониторингті қамтамасыз етуі керек.