$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Мейрамхана, шоу дайындаған едік": Төреғали Төреәлі ұлының туған күнін тойлауды кейінге қалдырды

AstanaTV
05.03.2024ж. 21:42
653
"Мейрамхана, шоу дайындаған едік": Төреғали Төреәлі ұлының туған күнін тойлауды кейінге қалдырды

Танымал әнші Төреғали Төреәлі ұлының туған күніне дайындықты көрсетіп, жүрекжарды жыр шумақтарын арнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алайда әншінің жұбайы, блогер Толқын Тұрарбекқызы шақырып қойған қонақтарға алдын-ала ескертіп, ұлының туған күнін кейінге шегерген. Отбасылық мерекені атап өтпеуге халықты әбігерге салқан жер сілкінісі себеп болған.

“Төренұрдың туған күніне қатты дайындалған едік. Мейрамхана, шоу, концерт, бағдарламаға дейін тұр. Жер сілкінісінен кейін отбасымызбен үйде қалғанды жөн көрдік. Ойлағаның болып жатса, бір хайыр, болмай жатса мың хайыр ізде” деген сөз бар.
    Әлі ұйықтаған жоқпын. Бір ілімді бастап едім, уақыт болмай қарамай кеттім. Жер сілкінісінен кейін “Өлімнен кейінгі өмірге дайынмын ба?” деп ойладым. Адам қаласа, зейін қойса барлығын жасайды. Бірақ біз тым әлсізбіз. Нәпсіге еріп, сылтаумен өтіп жатқан өміріміздің куәсі болып отырамыз”, – деп жазды блогер.