Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Таразда автобустың қатысуымен болған жаппай жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті

AstanaTV
05.03.2024ж. 23:31
507
Таразда автобустың қатысуымен болған жаппай жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті

Таразда жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бірнеше көлікпен соқтығысты. Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы ПД мәліметінше, 5 наурызда Таразда жолаушылар автобусының жүргізушісі Абай даңғылымен Фурманов көшесіне қарай келе жатып, рөлге ие бола алмай, Nissan 350Z және Kia Rio маркалы көліктерімен соқтығысып, содан кейін мектептің автотұрағында тұрған Toyota Highlander-ді түйіп өткен.

"Апат салдарынан Toyota Highlander көлігінің жүргізушісі мен қоғамдық көліктің үш жолаушысы зардап шекті. Қаза тапқандар мен ауыр жарақат алғандар жоқ", деп хабарлады Жамбыл облысы ПД.