Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жол апатынан зардап шеккен үш жасөспірімнің екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

AstanaTV
06.03.2024ж. 08:14
197
Жол апатынан зардап шеккен үш жасөспірімнің екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Атырауда төрт көлік соқтығысып, салдарынан үш жасөспірім зардап шеккен еді. Қазір жасөспірмдердің екеуі жансақтау, біреуі травматология бөлімінде жатыр.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апатынан зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілген. Оның үшеуі – кәмелетке толмаған жасөспірім, ал, біреуі – 1989 жылғы әйел. 

«Көкарна ауылында орын болған жол көлік апатынан зардап шеккендердің біреуі облыстық ауруханаға, үшеуі облыстық балалар ауруханасына жеткізліді. 1989 жылы туған әйелдің жағдайы жақсы, оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Сол себептен, бүгін, 5 наурызда өзінің келісімімен ауруханадан шығарылды. Ал, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген жасөспірімдердің екеуі жансақтау бөлімінде, біреуі травматология бөлімінде ем-дом алып жатыр. Қазір олар дәрігерлердің бақылауына алынды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.