Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев наурызда өтетін Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалы аясындағы Грекияға қарсы матчқа шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялады.
Оқу-жаттығу жиыны 8 наурызда Дубайда басталады.
Нақты тізімге 26 футболшы енді. Қазақстан премьер-лигасының 2-турынан кейін Ұлттық құрамаға тағы бір ойыншы қосылады.
Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Данил Устименко ("Қайрат")
Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ордабасы"), Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Еркін Тапалов (бәрі – "Тобыл"), Марат Быстров, Александр Марочкин, Ян Вороговский (бәрі – "Астана"), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (екеуі де – "Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Александр Зуев ("Арсенал", Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген ("Ордабасы"), Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де – "Ақтөбе"), Бактиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Әділет Садыбеков ("Қайрат"), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – "Астана"), Ислам Чесноков ("Тобыл");
Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – "Астана")
Бапкерлер штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады. Грекия – Қазақстан матчы наурыздың 21-нен 22-не қараған түні Афинада өтеді.