Әнші Мадина Cәдуақасова көпшілікке қуанышын бөлісті. Өнер иесі Қызылорда қаласынан үй сатып алғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші Instagram-дағы парақшасында Қызылордада жүргенін көрсетті.
"Түркістаннан шығып, Қызылордаға қайта келдім. Қызылордадан үй сатып алдым", - деп жазды Сәдуақасова.
Сонымен қатар әнші басқа қалада болған уақытта Алматыда жер сілкініп, жақындары үшін алаңдағанын жасырмады.
"Алматыдағы жер сілкінісі шошытты. Балам, ата-анам, туыстарым, әр адамды ойладым. Өзің басқа жақтасың, ал жақындарың Алматыда қалғаны жаман екен. Алла сақтасын. Сол күні қолымнан телефон түспеді", - деп жазды әнші.