$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда мектеп директоры миллиондаған ақша жымқырған

AstanaTV
06.03.2024ж. 16:37
583
Павлодарда мектеп директоры миллиондаған ақша жымқырған

Павлодарда мектеп директоры қызметкерді жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 миллион теңге иемденгені белгілі болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Осы іске байланысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар тексеріс көрсеткендей, Павлодар қаласының барлық мектептерінде бейнебақылау камералары жазу функцияларысыз жұмыс істейді. Олардың бейне мұрағаттарына кіру мүмкіндігі жоқ және полицияның Жедел басқару орталығына қосылмаған. Бұл кемшілік 2023 жылы «Smart City Pavodar» жобасы аясында түзетілуге тиіс болатын, алайда жеткізушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты әлі іске асырылмаған.

Жергілікті атқарушы органдар осыған қатысты наразылық-талап қою жұмыстарын жүргізіп жатыр.