$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Министр ҰБТ-дағы жаңа өзгерістер туралы айтты

AstanaTV
06.03.2024ж. 17:43
483
Министр ҰБТ-дағы жаңа өзгерістер туралы айтты

Мәжіліс кезінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы жылы болған ҰБТ-дағы өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz.

Министрлік 2024 жылы үлкен өзгерістер жасамауға шешім қабылдаған. Оның ішінде емтихан ұзақтығын қысқартпайды. Сондай-ақ талапкерлерге бес рет емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.

"Естеріңізде болса бұрын барлығы бір күнде болатын, ойға салмақ түсіп, сынақтан сүріндің бе, жоқ өттің бе, ұттың немесе ұтыллдың, өлім немесе өмір, бар немесе жоқ деген шешім бір күнде шығатын. Осы жылы бізде бес кезең болады, оның екеуі ақылы түрде. Қаңтар өтті, қазір наурызда тапсыратындар басталады. Бала өз күшін бағамдайды, қай жері мықты қай тұсы осыал екенін байқайды. Байқап қарасаңыз көп адамның жиналуы, айқай-шу, өзіне қол салу азайған. Екі негізгі кезең мамыр мен маусым айларында болады. Екі кезеңнің көп балл жинаған қорытындысымен грантқа тапсыруға болады",- деді министр.

Алдыңғы кезеңдерді тапсыруға үлгермегендер үшін бесінші кезең бар, ол жерде талапкер ақылы бөлімдерге тапсыра алады немесе халықаралық университеттерден нәтиже күтеді.