Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мереке қарсаңында аналарға құрмет көрсетілді

Мереке қарсаңында аналарға құрмет көрсетілді

Мереке қарсаңында қызылордалық аналарға құрмет көрсетілді. Олар- көпбалалылар мен түрлі салада жетістікке жетіп, жұмыстарын абыроймен атқарып жүрген қыз-келіншектер. Облыс әкімі нәзік жандыларды құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Бибайша Шыныбекова 2 жылдан бері «Қызылорда тазалығы» мекемесінде жұмыс істейді. Қаланың орталық көшесін таңнан кешке дейін тазалап шығады. Күннің ыстық-суығына қарамастан тыным таппайтын ол жұмысына адал. Сол еңбегі еленіп мереке қарсаңында құрмет төрінен көрінді.

Бибайша ШЫНЫБЕКОВА, «ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:

Ерекшесыйлықтың иесі боламын деп ойлаған жоқпын. Облыс әкімінің қолынан құрмет грамотасын алып жатқаныма қуанышым шексіз. Біздің еңбегімізді елеп жатқанынамың алғыс айтамын.

Жылдағы дәстүр бойынша қыз-келіншектерді облыс әкімі құттықтады. Отбасылық құндылықтарды насихаттап жүрген бірқатар анаға Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды. Әйелдердің ғылым, кәсіпкерліксекілді түрлі саладағы жаңашыл идеяларына және көпбалалы аналарға ерекше қолдау көрсетілетінін айтты.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Сіздер Тәуелсіз еліміздің дамуына зор үлес қосып, әрқашан ибалық пен ізеттілік,парасат пен қайырымның, мейірімділік пен ізгіліктің ұйытқысы болып келесіздер. Бүгінгікүні билік пен мемлекеттік қызметте республикалық деңгейлерде басқарушы орындарда әйелдерүлесінің артуы Сіздердің қарымды қабілеттеріңіз бен іскерліктеріңіздің дәлелі.

Аймақта 48мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның 17 мыңға жуығы - «Алтын» және «Күміс алқа»иелері. Педагогтар мен медицина қызметкерлерінің де басым бөлігі нәзікжандылар. Ал бюджеттік саладағы олардың үлесі 62 процент.