Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Астанада Қазақстан әйелдерінің форумы өтті

AstanaTV
06.03.2024ж. 20:00
416
Астанада Қазақстан әйелдерінің форумы өтті

Астанада мемлекеттік қызметкерлердің тең жартысы-әйел. Сондай-ақ қаладағы 90 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қыз-келіншектер басқарады. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 25 жылдығына орай қала әкімдігінің ұйымдастыруымен елордада Қазақстан әйелдерінің форумы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық комиссияның 25 жылдығына орай форумға қатысушыларға құттықтау жолдады. "Комиссия гендерлік тендікті қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту және ана мен баланы қорғау ісінде ерекше рөл атқарып келеді. Бұл құрылым уәкілетті органдардың, азаматтық сектордың және бизнестің күш-жігерін тоғыстыратын тиімді мінберге айналды",- делінген Президенттің құттықтау сөзінде. Форумға қатысушылар отбасылық-демографиялық саясат, әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлі, отбасыларды әлеуметтік және экономикалық қолдау, балалар құқықтары және басқа да көптеген аспектілерге қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Ләззат РАМАЗАНОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАЙЫМЫ:

Еліміздің шалғай ауылдарына тұңғыш рет ұлттық комиссияның бастамасымен әлеуметтік медициналық пойыз «Саламатты Қазақстан» жол жүрді. Осы 8 айдың ішінде 16 мыңнан астам қарапайым ауылда тұратын шалғай станцияларда тұратын азаматтарға тек қана медициналық көмек емес, сонымен бірге психологиялық, медиациялық көмек көрсетілді.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия былтыр 50 іс-шара өткізген. Қазір «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жұмыс істейді. Былтыр орталық 800 қызмет көрсетті. Елордада әйелдерді кәсіпкерлікке тарту және жұмысқа орналастыру шаралары жалғасуда.

Назгүл МАҒЖАН,  ҚАЛА ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Комиссияның басты мақсаты – ол қоғамда болып жатқан өзекті мәселелердің басы-қасында болу, оларға өздерінің пікірлерін білдіру және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге ықпалын тигізу деп білемін. Сондықтан мұндай кеңестік комиссиялар қажет деп білемін.

Ұлттық комиссия алда атқарылар жұмыстарды нақтылады.Неке-отбасы институтын нығайту, адамгершілік құндылықтарды дамыту бойынша сарапшылық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру жұмыстары жалғасады.