$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Сейсмология институтының қызметкерлері айлығын ала алмай жүр», - депутат

06.03.2024ж. 20:00
576
«Сейсмология институтының қызметкерлері айлығын ала алмай жүр», - депутат

Сеймология институтындағы ғылыми қызметкерлер бейшараның күйін кешіп жүр. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек осылай деді. Қазір институттағы жұмысшылар не ғылыми жобаларын өткізе алмай, не айлығын ала алмай жүрген көрінеді. Оны былай қойғанда, сейсмостанциялар қаңылтыр темірге айналған. Оны, тіпті, музейге де қабылдамайды. Біраз жыл бұрын Сеймология институты Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамына өткен. Ал ғалымдар мұны қате деп есептейді. Оны Ғылым және жоғары білім министрлігіне беру керек деген ұсыныс айтқан. Саясат Нұрбек салада мұндай өзекті мәселе барын мойындап, институтты министрлікке қайтаруды қолдайтынын айтты. 

Саясат НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Онда толық қаржыландыру жоқ. Біз де олардың ішкі процедураларын қолдауға мүмкіндігіміз жоқ. Қайтарылса, біз қарсы болмаймыз. Бірақ биыл сейсмология институтына 3,5 млрд теңге грант бекітілді. Қазір олардың бүкіл өтінішін пысықтап, Үкімет жанындағы жоғары техникалық комиссияның отырысына шығардық. Мен институттың берілгені дұрыс болады деген пікірдемін.