Таиландтан экзотикалық жануарларды ұрлап кетпекші болған Үндістан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC-ге сілтеме жасап.
Бангкок халықаралық әуежайында алты үндістандық елден қызыл панда мен басқа да ондаған жануарларды контрабандалық жолмен алып кетпек болғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлады Тай кеденінің өкілдері.
Шенеуніктердің айтуынша, 87 жануар Суварнабхуми әуежайында анықталған. Олардың ішінде жыландар, попугаялар және кесірткелер болған.
Болжам бойынша, жануарлар Мумбайға ұшып кетпекші болған күдіктілердің жүк багажынан табылған.
Үндістандықтар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Таиландтың бай табиғаты сирек кездесетін кездесетін жануарлардың мекен. Сондық бүгінгі күні контрабандашылардың ірі транзиттік хабына айналған.