Алматыда троллейбус жүргізушілері төбелесті деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Аталған жағдайға байланысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әкімшілік іс қозғады. Оның материалдары сотқа жіберіледі", - деп хабарлады полиция.
Сонымен қатар бұрын полицияға бұл оқиға туралы хабарлама түскен жоқ.