$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Нәзік жандарға деген біздің ықыласымыз, ілтипатымыз әрдайым ерекше", - Президент

07.03.2024ж. 20:00
905
"Нәзік жандарға деген біздің ықыласымыз, ілтипатымыз әрдайым ерекше", - Президент

"8 наурыз – сұлулықтың, мейірім мен жылулықтың символына айналған мереке. Нәзік жандарға деген біздің ықыласымыз, ілтипатымыз әрдайым ерекше". Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шарада Мемлекет басшысы осылай деді. Елдіктің жүгін ер-азаматтармен қатар көтеріп, адал еңбек етіп жүрген әйелдер қауымына алғыс айтты. Мемлекет тарапынан оларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Менің бастамаммен өкілді билік саласында сіздерге арнайы квота бөлінді. Қазіргі таңда Парламент пен мәслихаттардағы әйелдердің үлесі артты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді. Қыз-келіншектер Отанымызды дамытуға елеулі үлес қосып жатыр. Өз кәсібін дөңгелетіп жүрген белсенді әйелдеріміз аз емес. Сондай-ақ өндірісте, ғылымда және спортта табысқа жеткен аруларымыз көп.

Салтанатты жиында Мемлекет басшысы «Ару-Ана» үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Жүлде түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге берілді. Алты номинация бойынша табысталды. Шара "Әйелмен әлем әдемі" атты мерекелік концертпен жалғасты.