Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Астанада өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтер ішінен қызды аман алып шықты

AstanaTV
08.03.2024ж. 18:22
597
Астанада өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтер ішінен қызды аман алып шықты

Астанада өрт сөндірушілер қызды аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрілігінің мәліметінше, 7 наурызда астаналық өрт сөндірушілер Тұран даңғылы, 46/4 мекенжайындағы тұрғын үйдің бесінші қабатындағы өрт шыққан.

Пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанғаны айтылады.

Атырауда Жайық өзенінде мұз жарылып, 2 жасөспірім суға құлап кеткен

Алматы облысында 35 жастағы азамат төртінші қабаттан секіріп кетпек болды

“Өртті сөндіру кезінде пәтерден 1996 жылы туған қыз бала эвакуацияланып, оған құтқару маскасы тағылды. Оған Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінен 25-тен астам адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылды”, –делінген ТЖД таратқан мәліметте.