Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Түркияда өткен әйелдер күресі турнирінде Қазақстан үшінші орын иеленді

AstanaTV
09.03.2024ж. 17:57
428
Түркияда өткен әйелдер күресі турнирінде Қазақстан үшінші орын иеленді

Түркияда өтіп жатқан күрес түрлерінен дәстүрлі халықаралық турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы екі күміс, төрт қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комиетінің мәліметінше, жалпы есепте Қазақстан командасы 122 ұпаймен жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады. 

Екінші күні бозкілемге шыққан қыздар арасында 62 келі салмақта Ирина Кузнецова финалға шығып, финалда қырғыз балуаны Айсұлу Тыныбековаға есе жіберіп күміс медаль алды. 

Гулдана Бекеш (59 кг), Елена Шалыгина (68 кг), Шамшиябану Тастанбек (72 кг) қола жүлдегер атанды. 

Жарыстың алғашқы күні Эльмира Сыздықова (76 кг) күміс, Эмма Тисина (57 кг) қола медаль алған болатын.

Жалпы командалық есепте Жапония 135 ұпаймен бірінші орында тұр. Моңғолия 133 ұпаймен екінші орын иеленсе, Қазақстан 122 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.